Пәннің қысқаша сипаттамасы:  Студенттердің коммуникативтік үдеріс барысында лингвистикалық (тілдік), дискурсивтік (сөйлеу) және әлеуметтік-мәдени (лингомәдени) дағдысы қалыптасады. Тіл үйренушілердің лингвистикалық дағдысының мазмұнына білімі мен біліктілігі, оқытылып жатқан тілдің коммуникативтік және кәсіби қызметтердегі белгілі бір бағдарламалық көлемі енеді. Дискурсивтік компонент сөйлеу тіліндегі және мәтіндердегі тілдік нормалар мен сөйлеу түрлерін құрайтындықтан, студенттер курс аясында меңгерген тілдік құралдарды, білімдері мен біліктілігін, дағдысын қоғамдық қарым-қатынаста және кәсіби қызметінде қолдануы көзделеді. Кез келген жағдайда меңгерілген білім мен біліктілігін пайдалана алуы және тілді мәдениеттің бір көрінісі ретінде қарап құрметтеуі тіл үйренушілердің лингво-мәдени құзыретінің деңгейін көрсетеді. Жоғары оқу орындарындағы «Қазақ тілі» пәнінің мәні жоғарыдағы мәселелерді қарастырумен сипатталады.

Пәнді оқытудың мақсаты: Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілін болашақ кәсіби ортасында қолданыла білу құзыретін қалыптастыру.